Тарату нүктесі сұраған ауқымдар тізіміне IP ауқымдарын қосу

IP ауқымын тарату нүктесінің сауалнама ауқымдары тізіміне қоса аласыз.

IP ауқымын сауалнамаға ауқымдары тізіміне қосу үшін:

  1. Консоль ағашынан Басқару сервері түйінін таңдаңыз.
  2. Басқару сервері түйінінің мәнмәтіндік мәзірінде Сипаттар тармағын таңдаңыз.
  3. Ашылған Басқару сервері сипаттары терезесінде Тарату нүктелері бөлімін таңдаңыз.
  4. Тізімнен қажетті тарату нүктесін таңдап, Сипаттар түймесін басыңыз.
  5. Бөлімдер панелінде ашылған тарату нүктесі сипаттары терезесінде Құрылғыны табу → IP ауқымдары бөлімін таңдаңыз.
  6. Ауқым сауалнамасына қосу жалаушасын қойыңыз.
  7. Қосу түймесін басыңыз.

    Ауқым сауалнамасына қосу жалаушасы қойылса, Қосу белсенді болады.

    IP ауқымы терезесі ашылады.

  8. IP ауқымы терезесінде жаңа IP ауқымы атауын енгізіңіз (әдепкі бойынша Жаңа ауқым атауы көрсетілген).
  9. Қосу түймесін басыңыз.
  10. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
    • IP ауқымын бастапқы және соңғы IP мекенжайы етіп белгілеңіз.
    • IP ауқымын мекенжай мен ішкі желі бүркеніші етіп белгілеңіз.
    • Шолу түймесін басып, глобалды қосалқы желілердің тізімінен ішкі желіні қосыңыз.
  11. OK түймесін басыңыз.
  12. Атауы белгіленген ауқымды қосу үшін OK түймесін басыңыз.

Жаңа ауқым сауалнама ауқымдары тізімінде көрсетіледі.

Басына оралу